Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы

2021 жылға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 6,7  млрд.теңге қарастырылды. 

Бағдарламаның «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бірінші бағыты бойынша 1,3 млрд.теңге қарастырылды:

- еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 700 адам жіберілді;

- еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша жұмыс кадрларын қысқамерзімді кәсіптік оқытуға 990 адам жіберілді немесе 171% (жылдық жоспар 580);

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 3,7 млрд.теңге қарастырылды:

- «Бастау Бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға өзін-өзі қамтыған және жұмыссыз азаматтар қатарынан 1814 адам жіберілді (жылдық жоспар 1250);

бизнес-жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған бағдарламаға қатысушыларға мерзімінен бұрын қайтарылған қаражат есебінен 875 шағын несие берілді (жылдық жоспар 742);

- 1142 грант берілді;

Бағдарламаның «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру және адамдардың ерікті түрде қоныс аудару арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағытын жүзеге асыру аясында 1,7 млрд.теңге қарастырылды:

- бос жұмыс орындарына 25 838 адам жұмысқа орналастырылды немесе 100,3%  (жылдық жоспар 25741);

- 738 әлеуметтік жұмыс орны құрылды немесе 152% (жылдық жоспар 485);

- жастар тәжірибесіне 1037 адам жіберілді немесе 128% (жылдық жоспар 813);

- қоғамдық жұмыстарға 7105 адам жіберілді немесе 190% (жылдық жоспар 3735).