Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы

2021 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады (2020 жылдың 2 тоқсанында – 4,5%).

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметтерінде 6901 жұмыссыз азамат тіркелген (2020 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша 9350 жұмыссыз азамат).

2021 жылдың 2 тоқсанында экономикалық белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,0% құрады (2020 жылдың 2 тоқсанында – 1,4%).

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2021 жылы 6,5 млрд. теңге көзделген:

Бағдарламаның «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 1,2 млрд.теңге көзделген.:

- еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 700 адам жіберілді (жоспар 700);

- жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 986 адам жіберілді немесе 170% (жоспар 580 адам);

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 3,5 млрд.теңге қарастырылған:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1745 адам жіберілді немесе 140% (жоспар 1250);

- бизнес-жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырған бағдарлама қатысушыларына 664 шағын несие немесе 89% берілді (жоспар - 742);

- 922 грант берілді немесе 95% (жоспар 975);

Бағдарламаның «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру және адамдардың ерікті түрде қоныс аудару арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағытын іске асыру шеңберінде 1,8 млрд.теңге көзделген.:

- бос жұмыс орындарына 20322 адам орналастырылды немесе 79% (жоспар – 25741);

- 690 әлеуметтік жұмыс орны құрылды немесе 143% (жоспар - 485 адам);;

- жастар практикасына – 959 адам немесе 118% (жоспар – 813 адам);;

- қоғамдық жұмыстарға - 6304 адам немесе 169% (жоспар – 3735 адам);

- бірінші жұмыс орнына – 124 адам немесе 104% (жоспар-119 адам).

- ұрпақтар келісімшартына - 1 адам жолданды.