Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және кепілдік берілген әлеуметтік топтама туралы

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және кепілдік берілген әлеуметтік топтама туралы

Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 4044 отбасы (17 276 адам) оның ішінде 1341 көп балалы отбасы 927,9 млн. теңге көлемінде көмек алды.

Қарағанды облысы бойынша 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 1,9 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде 1,5 млрд. теңге республикалық бюджет есебінен, 0,4 млрд. теңге – ЖБ есебінен.

Бүгінгі күні кепілді әлеуметтік топтама 4554 балаға (3779 отбасы), оның ішінде 1 жастан 3 жасқа дейін – 2275 бала, 3 жастан 6 жасқа дейін – 2279 бала 140 млн. теңге көлемінде көмек алды.

А.ж. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін әлеуметтік топтамаға 488 млн. теңге (РБ – 363,8 млн. теңге және ЖБ – 124,2 млн. теңге) бөлінді.

1 949 отбасына жалпы сомасы 35,6 млн.теңге тұрғын үй көмегі көрсетілді.

Халықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында қалалар мен аудандарда белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.