2021 жылы мүгедектігі бар 1500 мыңнан астам адам протездік-ортопедиялық қызмет алды

2021 жылы мүгедектігі бар 1500 мыңнан астам адам протездік-ортопедиялық қызмет алды

Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мүгедектігі бар 1500 мыңнан астам адам медициналық-әлеуметтік көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерге сәйкес әзірленген оңалтудың жеке бағдарламалары негізінде протездік-ортопедиялық көмек қызметін алды.

Жоғарыда көрсетілген қызметтерге протездермен, жүріс арбаларымен, таяқтармен, балдақтармен, ортопедиялық аяқкиіммен, бандаждармен, корсеттермен, туторлармен, реклинаторлармен, басұстағыштармен, супинаторлармен, емдеу белдіктерімен, балаларға арналған профилактикалық шалбармен және т.б. қамтамасыз ету жатады.

Портал мүгедектігі бар адамдарға өндіруші мен өнім берушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырысты жеткізу немесе алып кету арқылы алуға болады. Порталда протездік-ортопедиялық қызмет көрсетуден басқа сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар алуға өтінім рәсімдеуге болады.

Ағымдағы жылдың басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар 10 мыңнан астам адам оңалтудың техникалық құралдарын, 500 астам – ымдау тілі қызметін, 3 мыңнан астам – жеке көмекшінің қызметін алып, 2 мыңға жуық – санаторлық-курорттық емделді.

Бүгінде Порталда 127 ОТҚ жеткізушісі, 3 мыңнан астам жеке көмекші қызметін, 4 ымдау тілін, 66 санаторлық-курорттық емдеуді бойынша өнім беруші тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған. Порталды пайдалану бойынша кеңесті қолдаудың байланыс-орталығынан алуға болады, оған тілді таңдап және 4 санды басып,1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласу керек.