Еңбекмині медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қазақстандықтар үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдады

Еңбекмині медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қазақстандықтар үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдады

Заңнаманы жетілдіру аясында көрсетілетін қызметтердің сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін «Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және мүгедектігі мен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрміндетін атқарушының № 139 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Жаңалықтар мынадай тармақтарда көрініс тапты: - зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану жөніндегі комиссия отырыстарына мүшелердің қатысуы енді төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда онлайн тәртіпте өтетін болады; - комиссия отырысы қызмет алушыларды киіммен, аяқкиіммен, төсек-орын жабдықтарымен, техникалық қосалқы құралдармен және қатты мүкәммалмен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін санитариялық гигиенаның өмірлік маңызы бар заттарын, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді сатып алу үшін айына 1 реттен кем өткізілмейді; - медициналық-әлеуметтік мекемелердегі қолма-қол ақшаны бақылау шотынан (бұдан әрі – ҚАБШ) қаражат есебінен сатып алуға жататын тауарлардың тізбесі көрсетілетін қызметті алушылар үшін жеке қатты мүкәммалмен толықтырылды (кереует, көпфункциялы кереует, үстел, орындық, шкаф, кереует жанындағы тумбочка); - медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын, мүгедектігі жоқ қарт адамдар енді дәрігердің тағайындауы бойынша ҚАБШ қаражаты есебінен техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен (балдақтар, таяқтар, жүру құралдары, корсеттер, бандаждар, емдік белдіктер, есту аппараттары, бөлмелік кресло-арбалар, серуендеуге арналған кресло-арбалар, сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) қамтамасыз етіледі. Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері мен жергілікті атқарушы орындар ұсынды.