"Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарламасы

"Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарламасы

      Начало формы

Конец формы

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

        Начало формы

Конец формы

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл.

       Начало формы

Конец формы

"Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ (100000, Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3; анықтама үшін телефондар: 8 (7212): 43-16-79; электрондық пошта: a.kasimova@karaganda-region.gov.kz) азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

          Начало формы

Конец формы

1. "Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қарағанды облысы Абай ауданының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

         Функционалдық міндеттері: өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметке басшылықты жүзеге асыру, мекеме мүлкінің сақталуына және тиімді пайдаланылуына жауапты болу. Мекеменің құрылымын, штат кестесін анықтау. Мекеменің барлық бөлімшелерінің психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдармен (бұдан әрі-қамқорлықтағылар) әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, мәдени қызмет көрсету, оқу - тәрбие жұмысы бойынша жұмысты ұйымдастыру және тиімді өзара іс-қимыл жасау. Мекеменің құрылымын, штаттық кестесін анықтайды. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын, мекемеде өртке қарсы нормаларды орындау. Мекеме қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастыру. Жұмыс сауықтыру, оқу алдын алу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту. Күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтік-еңбекке бейімделуге және оңалтуға мұқтаж қамқорлықта тұратын қамқорлыққа алынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй және басқалар) қорғау, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау шараларын қолдану. Оларға мұқтаж қамқорлықтағы адамдарды протездік-ортопедиялық, басқа да арнайы құралдармен қамтамасыз ету шараларын қолдану. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру. Бөлінетін бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа көздерінен түсетін қаражатты ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

          Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық, заңгерлік, экономикалық).

          Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

         1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

         2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

         3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);

         4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;;

         5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

         6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

         Жоғарыда көрсетілген құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылуы тиіс.

         Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар "Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-ге құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным ұсынады.

         Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізім бекітілген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өту күні, уақыты және орны туралы хабардар етіледі.

          Тараптардың келісімі бойынша әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.

      Заңдарды білу :

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті;

      Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексті;

      Еңбек кодексін;

      Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды;

      Тіл туралы заңды;

      Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды;

      Баланың құқықтары туралы заңды;

      Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңды;

      Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды;

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;

      Мемлекеттік сатып алу туралы заңды;

      Әлеуметтік жұмыс теориясы мен әдістемесін;

      Ұйымның бейіні мен ерекшеліктерін;

      Заманауи психологиялық-педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін;

      Социология, психология, педагогика, психологиялық профилактика, этика, геронтология негіздерін;

      Тәрбиелеу және әлеуметтік жұмыс әдістерін;

      Медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүргізу негіздерін;

      Әлеуметтік жұмыстың негізгі әдіснама қағидаттарын;

      Шаруашылық-қаржылық қызметті ұйымдастыруды;

      Салық және бюджет заңнамасының негіздерін;

      Персоналды басқару теориясы мен тәжірибесін;

      Статистикалық және әдіснамалық талдау әдістерін;

      Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.