Әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы

2021 жылғы 09 маусымда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е.А. Алпысовтың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысына облыстық үшжақты комиссия мүшелері, өңірлік үшжақты комиссия төрағалары мен шақырылғандар қатысты.

Отырыс барысында тараптармен келесі мәселелер қаралды:  «Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару бойынша берешекке жол берген жұмыс берушілердің жауапкершілігі туралы»; «ДДС-Плюс» ЖШС-де зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін еңбекақы мен еңбек жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктер төлеуді кемсіту туралы» және «Қарағанды облысының тұрғындарын вакцинациялау және коронавирустық инфекциядан ұжымдық иммунитет жағдайын жасау шараларын іске асыру барысы туралы».

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне аудандық және қалалық әкімдіктердің атына салық төлеушілер бөлінісінде МЗЖ мен ӘА бойынша ай сайынғы ақпаратты өңірлік басқармалардың ұсынуын бақылауға алуға; қалалар мен аудандар әкімдіктеріне өңірлік үшжақты комиссиялардың жұмысын жандандыруға және аталмыш мәселені өңірлік комиссияның таяудағы отырысында талқылау туралы және т.б тапсырмалар берілді.