Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VIII Бюджет кодексінің 40-бабының 1-тармағына сәйкес: «Бюджет процесінің материалдары, ақпараты мен құжаттары осы бапта көрсетілген қатысушылармен өздерінің ресми интернет-ресурстарында, оның ішінде міндетті түрде ашық бюджеттердің интернет-порталында, Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу, мемлекеттік құпиялар, әкімшілік рәсімдер, қоғамдық кеңестер және ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жариялануға тиіс».
Бюджеттік бағдарламалардың паспорттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі №185 «Бюджеттік өтінімді жасау, ұсыну және қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.
Бюджеттік бағдарламалардың паспорттары көпшілік талқылау үшін ашық бюджеттердің интернет-порталында орналастырылған және келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?budgetState=PROJECT&govAgencyId=3670&beginDate=&endDate=&admin=234&commentFound=
Әзірлеуші – «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.