Қарағанды облысында әлеуметтік қызметтер порталы арқылы «пилоттық режимде» әлеуметтік қызметтер алу жалғасуда.

Қарағанды облысында әлеуметтік қызметтер порталы арқылы «пилоттық режимде» әлеуметтік қызметтер алу жалғасуда.

Қарағанды облысында әлеуметтік қызметтер порталы арқылы «пилоттық режимде» әлеуметтік қызметтер алу жалғасуда.

Бүгінгі күні 1 қазаннан бастап 10 мүгедек адам ымдау тілі маманының және 9 жеке көмекшінің қызметтерін алады.

Сондай-ақ, санаторлық-курорттық емделу қызметін алуға Қарағанды облысы бойынша 10 мүгедек өтініш берді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қазан айынан бастап порталға пилоттық режимде 3 қызмет енгізілді. 1 қазаннан бастап Қазақстан бойынша жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының және санаторий-курорттық емдеудің қызметтері бойынша 100-ден астам өтінім орындалды.

Әлеуметтік қызметтер порталы ағымдағы жылдың қаңтар айында іске қосылды.

Порталдың бірінші басты ерекшелігі (aleumet.egov.kz) - оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ) және басқа пайдаланушылардың бейінін, рейтингін және пікірлерін ескере отырып, көрсетілетін қызметтерді өз бетінше таңдау мүмкіндігі.

Екінші артықшылығы-мерзімдерді қысқарту. Салыстыру үшін, бұрын күрделі рәсімдерге байланысты мемлекеттік сатып алу арқылы тапсырыс беру кезінде мүгедектігі бар адам кейде ОТҚ-ны 6 айға дейін күтуге мәжбүр болған. Қазір порталға тапсырыс беруден үйге жеткізуге дейінгі уақыт – 15 күнге дейін. Жеткізу қызметтерін мемлекет төлейді.

Мүгедектігі бар адамдардың өздері әлеуметтік қызметтер порталын пайдаланудың қарапайымдылығы мен ыңғайлылығын атап өтеді.

Бүгінгі күні тізілімде порталда 102 өнім беруші бар, оның ішінде 34 өнім беруші – ымдау тілі маманының қызметін көрсету бойынша, 39 өнім беруші – жеке көмекшінің қызметін көрсету бойынша және 29 ұйым – санаторий-курорттық емдеу бойынша.

Сонымен қатар, порталда 18 ымдау тілі маманы және 126 жеке көмекші тіркелген.

Портал арқылы барлық қызметтер мен оңалту құралдары сапасы мен сатып алушылардың пікірлері бойынша өзін жақсы жағынан көрсеткен тауарлар мен қызметтердің орташа құны бойынша арнайы комиссия айқындаған, мемлекет кепілдік берген сома шеңберінде тегін ұсынылады.