Атаулы әлеуметтік көмек алуға қатысты

Атаулы әлеуметтік көмек алуға қатысты

Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 4 903 отбасы (23 793 адам) 1 414,2 млн. теңге көлемінде көмек алды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылармен (2020 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша) тікелей байланысты болдырмау мақсатында ақпараттық жүйеде 2020 жылғы 3 тоқсанның кірістерін ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз АӘК тағайындауға өтінішті автоматты түрде қалыптастырды. Яғни, атаулы көмек 2,3,4 тоқсанда ұзартылды.

Қарағанды облысы бойынша 2020 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 2,8 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде 2,0 млрд. теңге республикалық бюджет есебінен, 0,8 млрд. теңге – ЖБ есебінен.

Бүгінгі күні кепілді әлеуметтік пакет 6 637 балаға (4 250 отбасы), оның ішінде 1 жастан 3 жасқа дейін – 3 300 бала, 3 жастан 6 жасқа дейін – 3 337 балаға тағайындалды.

А.ж. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін әлеуметтік топтамаға 634 млн. теңге (РБ - 391 млн. теңге және ЖБ – 243 млн. теңге) бөлінді.

ТЖ және карантин кезеңінде 82 мыңнан астам адам жалпы сомасы 1,8 млрд.теңгеге азық – түлік-тұрмыстық жиынтықтар алды.

Наурызда – 36,7 млн.теңге сомасына 6 581 адам, сәуірде – 427,2 млн. теңге сомасына 76 735 адам, мамырда – 476,7 млн. теңге сомасына 85 626 адам, шілдеде – 462,3 млн. теңге сомасына 83 037 адам, тамызда-458,6 млн. теңге сомасына 82 375 адам.

ТЖ және карантин кезеңінде «БізБіргеміз» Қоры бойынша облыстың 57 729 тұрғынына 2,8 млрд.теңге сомасында көмек көрсетілді.