Қаржылық қарыздан шығу

Қаржылық қарыздан шығу

 

2025 жылғы ақпан айында Қарағанды облысында іске қосылған «Қайта бастау» пилоттық жобасы тиімділігін көрсетіп, бүкіл өңірге масштабталды. Жоба мерзімі өткен несиесі бар адамдарға көмек көрсетеді. Оларға қаржылық сауаттылыққа үйретіп, жұмысқа орналастырады.

2025 жылы республикалық «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында бағдарламадан өңірдің 56 383 тұрғыны өтті, бұл жоспарланған көрсеткіштің 214,4%-ын құрады (жоспар – 26 300 адам). 1 маусымнан бастап оқыту онлайн форматқа ауыстырылды.

Жобаны іске қосылған уақыттан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қайта бастау» жобасына 1 468 адам тартылды.

Карьера орталықтары мерзімі өткен қарызы бар 1 013 адамды жұмысқа орналастырды, оның ішінде 707 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Қалған 306 адам уақытша жұмысқа орналастыру мүмкіндігін алды.

«Қайта бастау» жобасына тартылған 1 468 азамат «Қарызсыз қоғам» бағдарламасы арқылы келесі қызметтерді алды: қайта құрылымдау, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сотқа дейінгі банкроттық рәсімдеу, орындаушылық жазуларды жою (аресттерді алу).

Заңдық және қаржылық кеңестерді қоса алған жан-жақты қолдау арқасында адамдар өздерінің материалдық жағдайын жақсартып, қаржылық тәуелсіздік жолын бастауға мүмкіндік алды.

2026 жылы жұмыс «Қарызсыз қоғам» жобалық офисімен бірге жалғасатын болады.