Қарағанды облысында зейнеталды және зейнет жасындағы адамдарға қолдау көрсетілуде
Өңірде өмірдің қиын жағдайына тап болған жасы үлкен мамандарды еңбек нарығында сұранысқа ие етуге бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Әдетте, мұндай адамдардың еңбек өтілі мол, тапсырмаларды орындауға жауапкершілікпен қарайды, жауапкершілікті өз мойнына алудан қорықпайды, креативті әрі коммуникабельді. Сонымен қатар, олар жас буын үшін жақсы тәлімгер болып табылады.
Осылайша, 2025 жылы облыста қатысушылары жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын «Алтын жас» жобасы іске қосылды. Жалақы жұмыс берушінің қаражаты есебінен есептеледі және ол белгіленген лауазымдық жалақының кемінде 50%-ын құрайды, оның 50%-ы жергілікті бюджет есебінен субсидияланады. Алайда жалақы мөлшері Қазақстандағы ең төменгі жалақының (ЕТЖ) бір мөлшерінен аспауға тиіс (2025 жылы – 85 000 теңге). Бағдарламаға қатысу мерзімі 24 айдан аспайды. 2026 жылға 600 квота бөлінген.
Айта кету керек, «Алтын жас» жобасына 542 адам қатысты. Бастапқыда өңірдің 400 тұрғынын жұмыспен қамту жоспарланған еді, алайда сұраныс ұсыныстан асып түскендіктен, жұмыс істеуге ниет білдіргендердің барлығына мүмкіндік беру туралы шешім қабылданды. Қатысушылар қатарында бухгалтерлер, тәрбиешілер, мұғалімдер, жүргізушілер, күзетшілер және басқа да мамандар бар.
Зейнет жасына жетпеген, 50 жастан асқан жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамту мақсатында «Күміс жас» жобасы іске асырылуда. Бұл жобада да жалақыны субсидиялау қарастырылған.
Жалақыны жұмыс беруші белгілеп, төлейді, ал мемлекет 30 АЕК-тен аспайтын мөлшерде субсидиялайды:
алғашқы 12 айда – жалақының 70%-ы;
13 айдан 24 айға дейін – жалақының 65%-ы;
25 айдан 36 айға дейін – жалақының 60%-ы.
Жобаға қатысу мерзімі 36 айдан аспайды. Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушыға зейнет жасына дейін тұрақты жұмыс орны ұсынылады.
Соңғы 4 жылда жобаға 4 725 адам қатысты (2022 ж. – 322, 2023 ж. – 1 092, 2024 ж. – 1 471, 2025 ж. – 1 840).
Биыл жобаға 280 адамды жіберу жоспарлануда.
Әлеуметтік осал топтағы азаматтарды оқыту мақсатында 2024 жылдан бастап «JUMYS TAP» жобасы жүзеге асырылуда.
2025 жылы 4 консультациялық пункт ашылды. Қарағанды қаласында олар «Алтын Арба» және «Ануар» сауда үйлерінде, сондай-ақ «Корзина» супермаркетінде (Пришахтинск) орналасқан. Теміртау қаласында – «Одежда» сауда үйінде.
«JUMYS TAP» жобасы аясында 2025 жылы оқыту Қарағанды технология және сервис колледжінің, Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің және Техникалық-құрылыс колледжінің базасында жүргізілді. Барлығы 150 адам оқудан өтті. Олар «Тігінші», «Шаштараз», «Үй электригі», «Үй сантехнигі», «Жиһаз жинақтаушы», «Электргаздәнекерлеуші», «Флорист», «Сантехник-слесарь», «Автокөліктерді жөндеу слесары», «Электрослесарь» мамандықтары бойынша білім алды.