Қарағанды облысында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3%-ды құрады
2025 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 23 148 жас қамтылды, оның ішінде 21 476 адам жұмыспен қамтылды.
Статистика органдарының деректеріне сәйкес, өткен жылдың 3-тоқсанында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3%-ды құрады. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмен, алайда Қазақстан Республикасы бойынша республикалық көрсеткішке сәйкес келеді – 3% (2024 ж. 3-тоқсан – 3,1%).
Қарағанды облысында бос жұмыс орындарына 9 009 адам жолданды; жобалар аясында – 876 адам; жеке бастамалар бойынша – 7 094 адам жұмыспен қамтылды.
Сондай-ақ субсидияланатын жұмыс орындарына 4 435 адам орналастырылды, олардың ішінде 123-і – мүгедектігі бар адамдар. Жастар арасында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар бағыттары кеңінен сұранысқа ие.
Жаңа дағдыларды меңгеру және біліктілікті арттыру мақсатында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға білім беру ұйымдарына 196 жас жіберілді. Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша олар газэлектр дәнекерлеуші, слесарь, тігінші, аспаз, кондитер, бухгалтер және басқа да мамандықтар бойынша сертификаттар алды.
Оқу мерзімі біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктеріне байланысты 6 айдан аспайды.
Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізілді. Нәтижесінде 726 адам сертификат алды.
Әлеуметтік осал топтағы жастарға 400 АЕК (1 572 800 теңге) мөлшерінде 62 грант берілді.
Гранттар тафтинг стиліндегі кілемдер өндіру, табиғи компоттар шығару, ерлер киімін жеке тігу, жедел тағам дайындау цехын ұйымдастыру, автокөлік қаптамаларын тігетін ателье ашу және басқа да жобаларға берілді.
Сонымен қатар, электрондық еңбек биржасында (skills.enbek.kz) 750 адам онлайн-оқытудан өтті.
Электрондық еңбек биржасының «Мансап компасы» цифрлық экожүйесі (mansap.enbek.kz) іске қосылды. Платформадағы деректер күн сайын жаңартылып отырады. Онда жалақысы 300 мыңнан 700 мың теңгеге дейінгі 400 сұранысқа ие мамандық бойынша ақпарат ұсынылған.
Студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында электрондық еңбек биржасында өндірістік практика функционалы іске қосылды.
Қалалар мен аудандарда тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіледі. Потенциалды жұмыс берушілер қатарында барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар бар.
2025 жылы барлығы 145 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, оған 1 560 жұмыс беруші қатысты. Жалпы саны 24 562 бос жұмыс орны ұсынылды.
Мобильді топтар мемлекеттік жұмыспен қамту қолдау шараларын түсіндіру мақсатында шалғай ауылдарға шығады. Өткен жылы мамандар 375 рет іссапарға жіберілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы жүргізілуде. Сондай-ақ буклеттер адамдар көп жиналатын орындарда – базарларда, супермаркеттерде, емханаларда және мешіттерде таратылуда.