2025 жылы Қарағанды облысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК көлемінде (1 572 800 теңгеге дейін) 225 грант берілді. Гранттардың жалпы сомасы 353 880 мың теңгені құрады.
Грант алушылар әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар болып табылады, оның ішінде:
көпбалалы отбасылар – 115 адам;
мүгедектігі бар адамдар – 57 адам;
мүгедек баланы күтумен айналысатын тұлғалар – 38 адам;
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар – 9 адам;
атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 3 адам;
қандастар – 2 адам;
қоныс аударушылар – 1 адам.
Гранттар төмендегі мақсаттарға берілді:
тігін ательесін ашу;
клинингтік қызмет көрсету;
сәлемдемелерді жинау және жеткізу сервисін ұйымдастыру;
табиғи морс сусындарын өндіру;
әлеуметтік павильон ашу;
ұлттық стильдегі ыдыс-аяқ өндіретін цех ашу;
үй жағдайында жартылай дайын өнімдер шығару;
балаларға арналған ойын-сауық орталығын ашу;
ет және сүт өнімдерін сататын дүкен ашу;
аспаздық (кулинария) ашу;
жылдам тамақ жеткізу цехын ұйымдастыру;
тафтинг әдісімен кілем тоқу студиясын ашу және басқа да бағыттар.
2026 жылы 400 АЕК мөлшерінде (1 730 000 теңгеге дейін) 510 грант беру жоспарланып отыр.