Қарағанды облысында ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі

Қарағанды облысында ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі

2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай материалдық көмектің бірыңғай мөлшері – 5 миллион теңге болып белгіленді. Бұл төлем 8 ҰОС ардагері мен мүгедегіне берілді.

Сондай-ақ қалалар мен аудандардың бюджеттерінде ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға біржолғы материалдық көмек қарастырылған.

Төлемдер төмендегі санаттар бойынша жүргізілді:

  • 29 концлагерь тұтқынына – 200 мың теңгеден;

  • Ленинград қоршауында болған 10 тұрғынға – 200 мың теңгеден;

  • 2 613 тыл еңбеккеріне – 100 мың теңгеден;

  • ҰОС жылдарында қаза тапқан (қайтыс болған) жауынгерлердің 106 жесірі мен жұбайына – 50 мың теңгеден.

Жалпы 2025 жылы 2 766 ардагерге 305,4 млн теңге көлемінде төлем жасалды.

Сонымен қатар төмендегі санаттағы ардагерлерге 200 мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді:

  • 1 169 Ауған соғысының ардагеріне;

  • Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқан 397 адамға;

  • Тәжік–Ауған шекарасында әскери қызмет атқарған 291 әскери қызметшіге;

  • Таулы Қарабақтағы қақтығысты реттеуге қатысқан 180 адамға;

  • Ирактағы бітімгершілік операциясына қатысқан 3 бітімгерге.

Аталған төлемдердің жалпы сомасы – 408 млн теңге.

Сондай-ақ 259 ардагерге санаторий-курорттық емдеу ұйымдастырылды.