Медициналық-әлеуметтік мекемелерде бейнебақылау камералары көбейтілуде

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде бейнебақылау камералары көбейтілуде

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша реформа жұмысын жүргізуде.

Аталмыш реформаның шеңберінде стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша Басқармаға ведомстволық бағынысты стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі – МӘМ) қызмет көрсету кабинеттерінде (ЕДШ, массаж, оңалту және т.б.), тамақ ішу орындарында, медициналық көмек көрсету бөлмелерінде және т. б. Бөлмелерінде бейнебақылау камералары орнатылды.

Сонымен қатар, қызмет алушылардың құқықтарының сақталуы бойынша қоғамдық бақылау жүргізу үшін МӘМ жанынан қарттардың және мігедектердің, қамқорлықтағылардың туған-туыстарының арасынан қоғамдық кеңестер құрылған болатын.