Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының кезектен тыс отырысы туралы

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының кезектен тыс отырысы туралы

А.ж. 19 қазанда облыс әкімі Ж. М. Қасымбектің төрағалығымен Қарағанды облысының әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті.

Комиссияның кезектен тыс отырысының себебі "Қорғау" көміршілер кәсіподағының төрағасы Е. М. Буслаевтың 2 мәселе бойынша үндеуі болды:

  1. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ компаниясының 11.12.2017 жылы қойылған шахтерлердің талаптарын орындауы туралы.
  2. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің қызметкерлеріне Шахтинск қаласының Денсаулық сақтау ұйымдарымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуден бас тарту фактілеріне байланысты жағдайы туралы.

 

1 сұрақ бойынша:

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Қорғау" көміршілер кәсіподағы 2017 жылғы желтоқсанда қойылған шахтерлердің талаптары бірқатар тармақтар бойынша толық көлемде қамтамасыз етілмейді деген мәселені көтерді.

Оның ішінде:

Талаптардың 5-тармағы (шахтыларды қажетті персоналмен жасақтауды қамтамасыз ету) – шахтыларды қызметкерлердің жерасты тобы бойынша да және де жер үсті бойынша сан нормативтеріне сәйкес персоналмен жасақтау бөлігінде орындалмайды.

Талаптардың 16 және 17-тармақтары (16 т. қызмет ету мерзімі өткен автобустар пайдаланудан шығарылсын, 17 т. бірлескен маршруттармен шахтаға жұмыскерлерді тасымалдау тоқтатылсын) - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ әкімшілігі автобустар паркін жаңартуды толық көлемде жүргізбеді.

Талаптардың 19 – тармағы (жұмыстарды жүргізуді талап етілетін материалдық-техникалық жабдықтаумен қамтамасыз ету) толық көлемде орындалмайды.

Талаптардың 20 – тармағы (тарифтік ставкаларды разрядқа бөлудің күшін жою) – компанияда бір жылдан астам жұмыс істеген қызметкерлерді орташа тарифтік ставкаға ауыстыру жүзеге асырылмайтын жағдайлар бар (Саран ш. бойынша мысал).

Бұдан басқа, республикалық деңгейде шешуді талап ететін мәселелер бар, оның ішінде 7-тармақ бойынша (қарыз еңбегі туралы); 13-тармақ бойынша (жеңілдікті зейнетақы белгілеу туралы); 14-тармақ бойынша (100% мөлшерінде еңбекке жарамсыздық төлемін төлеу туралы); 23-тармақ бойынша (жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде зардап шеккен адамның кінәсін жою); 27-тармақ бойынша (кері төлемдердің ұлғаюы).

Аталған тармақтар бойынша Тараптар әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның атына жазылған Үндеудің мәтінін талқылады.

 

2 сұрақ бойынша:

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар енгізілді.

"Қорғау" көміршілер кәсіподағының ақпараты бойынша кәсіподақ комитетіне Шахтинск аймағының шахталары қызметкерлерінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуден бас тарту фактілері бойынша өтініштер түседі.

Қалыптасқан жағдайдың себебі келесі жағдайларда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін реттейтін заңнаманың жетілдірілмеуі болды:

  1. Қызметкердің табысы құжаттың түсу фактісі бойынша есептелген жағдайларда, яғни еңбекке уақытша жарамсыздықтың ұзақ кезеңі үшін ауру демалысы түскен кезде; сондай-ақ келісім комиссиясының немесе соттың шешімі бойынша жұмысқа қайта алыну нәтижесінде мәжбүрлі түрде жұмысқа шықпаған жағдайда; жұмыстан заңсыз шеттетілген кезең үшін.
  2. Қызметкердің табысы алдын-ала есептелген жағдайларда, мысалы, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, ал демалыс ұзақтығы 1 айдан асады (шахтерлерде ұзақтығы 66 күнтізбелік күн).
  3. Қызметкердің нақты табысы болмаған жағдайларда, мысалы, вахтаның ұзақтығы күнтізбелік 30 күннен асқан кезде жалақысы сақталмайтын демалыс, жүкті әйелді басқа жұмысқа ауыстырудан бас тартқан кезде оған ақы төлемей жұмыстан босату.

Отырыста тараптар жоғарыда аталған фактілердің алдын алу бойынша ықтимал шешім жолдарын талқылады, сондай-ақ ҚР Үкіметі мен бейінді министрліктерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін реттейтін заңнамаға түзетулер енгізу туралы Үндеу қабылдады.