Медициналық-әлеуметтік мекемедегі мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың күні

Медициналық-әлеуметтік мекемедегі  мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың күні

Қазанның екінші жексенбісі Қазақстан Республикасында мүгедектер күні бекітілген. Бұл күн мүгедектігі бар тұлғалардың мәселеріне назар аударудың тағы бір себебі ретінде. Мүмкіндіктерінің шектелуіне қарамастан белсенді өмір салтын ұстанатындарға, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісің көрсететін тұлғалараға құрмет көрсету қажет.

2020 жылдың 11 қазанында Қарағанды облысының дін істері басқармасының бастамасымен «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектердің №1 медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ-де Қарағанды облысының діни ұйымдарының қаржылық қолдауымен «Мүгедектер күніне» және «Рухани келісім күніне» арналған қайырымдылық іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шара барысында «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының №1 қарттар мен мүгедектердің медициналық – әлеуметтік мекемесі» КММ-не үлкен аквариум сыйға тартылды.

Бұл сыйлық қызмет алушылардың психологиялық жағдайына жағымды әсер ететіні сөзсіз.