ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Б. Көшербаевтың әлеуметтік қолдау шаралары бойынша бизнес-процестерді цифрландыруға қатысты тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылғы 23-26 маусым аралығында Қарағанды облысында (Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Шахтинск қалалары, Бұқар жырау, Нұра, Осакаров аудандарыда) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Qoldau» қоғамдық бірлестігі қызметкерлерімен өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топ мүшелерін оқыту жүргізілді.
Семинар аясында Отбасын қолдау орталықтарының, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, полиция және пробация қызметкерлері ведомствоаралық өзара іс – қимыл алгоритмдерін зерделеп, практикалық кейстерді пысықтады және «FSM Social» мобильді қосымшасы арқылы цифрлық шешімдерді игерді.