Шет ауданының прокуроры Б. Абдулахат және «Атамекен» ҰКП директорының орынбасары Қ. Ахметов аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан аумағындағы кәсіпкерлермен маңызды кездесу өткізді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары О. Стыбаев, аудан прокурорының орынбасары Қ.Джанабергенов және ауданның бірқатар бөлім басшылары мен қызметкерлері, аудан аумағындағы ірі кәсіпорын өкілдері мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Кәсіпкерлердің өтініштерін тыңдап, олардың салық салу, мемлекеттік сатып алу, агронесие, бизнесті ұйымдастыру үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі және жол бойындағы сервисті дамыту мәселелеріне назар аударды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының атқаратын жұмыс барысына тоқталып, кәсіпкерлерді көптен толғандырған мәселелерін тыңдады.