Ақсу-Аюлы ауылының орталық саябағында Жеңістің 80 жылдығына арналған «Бейбіт күннің бағасы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Аталмыш жиынға аудан әкімі М.Мұхтаров, полиция генерал-майоры М.Қызылов, мәслихат төрағасы С.Социал, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, аудан сала басшылары, оқушылар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Көпшілік қауымды аудандық мәслихат төрағасы С.Социал мерекемен құттықтап, сұрапыл соғысқа аттанған жерлестеріміздің ерлігі мен батырлығы туралы тоқталып өтті.
Осыдан кейін аудандық мәдениет саласының өнерпаздары паториоттық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндерді орындап көрермен көңілінен ерекше орын алды.
Іс-шараны мәдениет үйінің ата-әжелерден құралған «Атамекен» ансамблі әсем әндерімен қорытындылады.