ЖЕҢІС КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ЖЕҢІС КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Аудан орталығында Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Алдымен Ақсу - Аюлы ауылындағы Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш маңында елі үшін жанын құрбан еткен сарбаздар рухына тағзым жасалып, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.
Айтулы жиынға аудан әкімі М.Мұхтаров, полиция генерал-майоры М.Қызылов, мәслихат төрағасы С.Социал, ардагерлер, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, аудан сала басшылары, оқушылар мен аудан тұрғындары қатысты.
Осыдан кейін, Ұлы Отан соғысының ардагері, өңіріміздің өркендеуі жолында жан аямай еңбек еткен “Даңқ” орденінің толық кавалері, қоғам қайраткері Дүйсембеков Камали Жұматайұлына арналған әкімдік ғимаратының қасбетіне мемориал тақта салтанатты түрде ашылды. Іс - шарада аудан әкімі М.Мұхтаров көпшілікті мерекемен құттықтап, ардақты тұлғаның ерен еңбегі мен ауданның әлеуметтік әлеуетін арттыру жолындағы рөлін атап өтті.Тақтаның лентасын ашу құрметі сала ардагерлері М.Төлеуқұлов пен Б.Жумкинге берілді. Өз кезегінде Камали Жұматайұлының қызы Г.Дүйсембекова тағылымды істі ұйымдастырушы ел азаматтарына риясыз ризашылығын жеткізді.