БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІК МЕРЕКЕСІ

БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІК МЕРЕКЕСІ

Красная Поляна ауылында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған аудан деңгейіндегі «БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» атты мерекелік шара өтті.
Мәдениет үйі алаңында  түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары мен қол өнерінен ұйымдастырылған жәрмеңке мерекенің сәнін келтіріп, жұртшылыққа ерекше көңіл-күй сыйлады.
Аудан әкімі М.Мұхтаров ауыл тұрғындарын бейбітшіліктің, келісімнің мерейлі мейрамымен құттықтады.
Жерлестеріміздің берекелі бірлігінің арқасында Красная поляна ауылында жүзеге асқан жаңашылдықтарды атап өтіп, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосып жүрген бір топ азамат пен азаматшаларға аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті.
 Концертте ауданның мәдени сала өнерпаздарынан құралған барлық этнос өкілдері өнер көрсетіп, көпшілікке ән-жырдан шашу шашты.
Мерекелік шарадан кейін мәдениет үйі алаңында ұлттық спорт сайыстары ұйымдастырылып, мерекелік концертпен жалғасты.