“Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру шеңберінде 10 сәуірден 6 мамыр аралығында аудан аумағында “ЖАСӨСПІРІМ” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Балалардың құқықтарын қорғауға, жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараға аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия тарапынан жүргізілуде. Аудан әкімшілігімен қатар, құқық қорғау органдары, жастар ресурстық орталығы, ауданның мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, білім бөлімі қазметкерлері ат салысуда.