Аудан әкімінің орынбасары төрағалығымен өрт қауіпті кезеңіне дайындық барысы жөнінде жиналыс өтті. Жиынға аудан прокурорының орынбасары Қ.Джанабергенов және жауапты сала басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округтер, кенттер әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе қаралып, аудандық ТЖ бөлімі басшысы Ғ.Әбілбай өрт қауіпті кезеңінде басқару органдарының күшпен құралдарының дайындығы бойынша баяндама жасады.
Ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңінде атқару керек қажет шаралар айқындалды.
Аудан әкімінің орынбасары өрт қауіпті кезеңінде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды, бұқаралық ақпарат көздерінде өрттің алдын алу жұмыстарын көрсете отырып, аудан тұрғындары арасында тілсіз жауды болдырмау мақсатында кешенді шараларды жүргізуді тапсырды.