Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті.
Кезекті аппарат отырысында күн тәртібіндегі:
☑️ Аудан аумағындағы ветеринариялық профилактикалық іс-шаралардың жүргізілу барысы
Ағымдағы жағдай бойынша:
☑️ Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына;
☑️ БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстары мәселелері қаралып, сала бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Аудан әкімі ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың үзілмеуін, тиісті жағдайларда мониторинг жүргізуді жалғастырып, қажет болған кезде алдын алу шараларын жедел қабылдау керек екенін айтты. Ветеринариялық бақылау және қадағалау іс-шаралары бекітілген жоспарға сәйкес атқарылуын тапсырды.
Жиын барысында басқа да түрлі сұрақтар талқыланып, жиын соңында аудан әкімі сала, бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді.