Сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы 2025 жылғы 19 мамырдан 27 маусымға дейін аралықта Шет ауданының əкімдігінің мемлекеттік мекемелерінде және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады. Ішкі сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін талдау шеңберінде проблемалық мəселелермен байланысты cұрақтар мен нақты фактілер туындаған жағдайда, Сіз Шет ауданының əкімінің аппаратына жүгіне аласыз.
Байланыс телефондары: аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі 8 (71031) 21-9-46, бөлім басшысы Қ.Ардақұлы – 8 (775) 514-66-90.
«Шет ауданы əкімінің аппараты» ММ