Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

Қазгидромет мәліметтері бойынша, 28 сәуір күні облыстың батысы мен солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі.
Жел оңтүстік-батыстан, кей жерлерде екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Сақтық шараларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз:
• ауа райы нашарлаған кезде мүмкіндігінше көшеге шықпаңыздар;
• ағаштардың және аяқталмаған ғимараттардың астында тұрмаңыздар;
• балаларды қатаң бақылауда ұстаңыздар, оларды қараусыз қалдырмаңыздар;
• автокөліктеріңізді ағаштардан алыс, қауіпсіз жерге қоюды ұсыныңыз;
• Құрылыс нысандарында биіктікте атқарылатын жұмыстарды және мұнара крандарын қолдануды уақытша шектеу ұсынылады.
Сақ болыңыздар! Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар!