
Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Күн тәртібіне көшпес бұрын аудан әкімі Шет ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалған Ғабит Дәлелханұлы Әбілбайды барша әріптестерінің алдында таныстырып, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.
Кезекті аппарат отырысында күн тәртібіндегі:
☑️ Ауданның 2025 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары;
☑️ Бірлік күніне, Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңіс мерекесіне дайындық барысы;
Ағымдағы жағдай бойынша:
☑️ Аудан бойынша көлік және мүлік салығын өндіру;
☑️ Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына;
☑️ БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстары мәселелері қаралып, сала бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Аудан әкімі жиын барысында мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық тазалық талаптарын сақтау, мереке қарсаңында адам көп шоғырланатын жерлерде қауіпсіздікті күшейту ережелерінің маңыздылығын атап өтіп, қаралған мәселелер бойынша сала басшылары мен ауылдық округтер, кенттер әкімдеріне тиімді жұмыстар жүргізуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.