Бүгін ҚР Үкіметі аппаратының өңірлік инспекторы Т.Сапарғалиев, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е. Алпысов, аудан әкімі М.Мұхтаров, аймақтың өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы А.Ғазалиевтер бастаған өзге де сала басшылары арнайы іс-сапармен аудан аумағындағы Алмалы кен өндіру орнында болып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтты. Аталмыш жұмыс тобы “Алмалы” кен орнының қуаттылығын арттыру мақсатында бой көтеріп, жылына 30 мың тонна мыс катодын өндіретін “Алмалы-2” зауытын аралады. Кәсіпорын директоры А.Мұқажанов кен орны қызметінің негізгі аспектілерімен таныстырып, бірқатар сұрақтарға жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Бүгінгі таңда кен өндіру орнында 1000-ға жуық адам тұрақты жұмыс атқаруда.