Қазіргі таңда ауа - райының құбылмалы түрі байқалып, ауа температурасы жылуына байланысты, қардың күрт еруі орын алуда. Осыған орай, аудан әкімі М.Мұхтаровтың тапсырмасына сәйкес, аудан аумағындағы барлық елді мекендердегі көше қарларын сыртқа шығару жұмыстары арнайы техникалардың көмегімен тәулік бойы тұрақты түрде атқарылуда. Барлық іс-шаралар аудан әкімінің тұрақты бақылауында.