Наурызнама онкүндігінің V-ші күні - Ұлттық киім күні.
Әр ұлттың ұлттық құндылығы өзіне қымбат. “Ең әдемі киім - ұлтыңның киімі” деген. Әлемде әртүрлі халық пен мәдениет бар.
Бір ұлтты басқа ұлттан ерекшелеп туратын басты дүниенің бірі - Ұлтымыздың киімі!
Қазақтың ұл-қыздары ұлттық киіммен ерекшеленіп, ата-баба салт-дәстүрін әрі қарай жалғастырсын демекпіз.
Осыған орай, айтулы күнді аудан әкімдігі қызметкерлері де ұлттық киімдер киіп, сән- салтанатымен атап өтті. #ұлттықкиімкүні