СОТ ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

СОТ ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Шет аудандық сотының жаңа төрағасы болып Сакенов Серік Төлегенұлы тағайындалды.

Сакенов Серік Төлегенұлы - 1982 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында туған. Білімі - жоғары. Қарағанды қаласындағы «Экономика және құқықтық» колледжі мен Қарағанды «Болашақ» университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
1999-2001 жылдары Шет аудандық сотының курьері, 2002-2004 жылдары Шет аудандық сотының сот орындаушысы,
2004 - 2010 жылдары Шет аудандық сотының аға сот орындаушысы,
2010 -2014 жылдары Шет ауданы аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы,
2014-2016 жылдары Қарағанды облысы жеке сот орындаушылар палатасында,
2016-2018 жылдар арасында Ақтоғай аудандық сотында судья,
2018- 2020 жылдары Қарағанды облысы Жезқазған қалалық сотында судья болса, жаңа тағайындауға дейін
2020 жылдан бүгінге дейін Шет ауданының №2 сотында төраға қызметін атқарып келді. Қазақстан Республикасының Президентінің 23.01.2025 жылғы №768 Жарлығымен Қарағанды облысы Шет аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.