Қоныс құтты болсын!

Қоныс құтты болсын!

Тәуелсіздік мерекесі күні аудан орталығының Ақсу-Аюлы ауылында 26 отбасы және Ақжал кентінде 8 отбасы жаңа баспана иелері атанды. Аудан әкімі М.Мұхтаров баспанаға ие болған азаматтарды қоныс тойларымен құттықтап, тұрғын үй кілттерін аудан әкімдігінің мәжіліс залында салтанатты түрде табыс етті. Өз алдарына жеке баспанаға ие болған әлеуметтік осал топ және көп балалы санатындағы отбасылар азаттық тойында айрықша қуанышқа бөлеп, мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуына ықпал еткен билік өкілдеріне деген ризашылықтарын білдірді.