Ағымдағы жылдың 2 ші жартыжылдығын қорытындылау бойынша Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі ел алдында атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы есеп берді. Аталмыш кездесуге аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Б.Абдулахат, мәслихат хатшысы С.Социал және ауданның сала бөлім басшылары қатысты. Округ әкімінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі сұрақ-жауап форматында өтіп, ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар тақырыптар көтерілді. Осыған байланысты, аудан басшысы өз кезегінде айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы жеке бақылауында болатынын айтып, жиналысты қорытындылады.
Есеп беру соңында аудан басшысы халықты өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады.