АҚОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

АҚОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Бүгін ағымдағы жылдың 4-тамызында өткен сайлау нәтижесі бойынша ауданға қарасты Ақой ауылдық округінің әкімі көпшілікке таныстырылды. Айтулы шарада аудан әкімі М.Мұхтаров халық сеніміне ие болған ауыл әкімін құттықтап, алдағы жұмысына сенім білдірді. Осыдан кейін, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сайлау учаскелеріндегі дауыс беру нәтижелерінің хаттамаларына сәйкес, басым дауыспен жеңіске жеткен Қасым Жасұлан Тлеужанұлына ауыл әкімінің куәлігін салтанатты түрде табыстады.
Қасым Жасұлан Тлеужанұлы – 1981 жылы Шет ауданы Ақшоқы ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2002 жылы - Саран гуманитарлық-техникалық колледжін,
2007 жылы - Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін
тәмәмдаған. Еңбек жолын 2002-2007 жылдары Ақой орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастап, 2009-2012 жылдары Ақой орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2012-2013 жылдары Жарық орта мектебінің директоры, 2013-2016 жылдары Талды Ж.О.Б.Б.М директоры, 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін Ақой ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқарды.