Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірменді теміржол саласының қызметкерлері мен сала ардагерлері!
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – теміржолшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Теміржол - ел экономикасының күре тамыры. Қызметі қиындық пен қауіпті міндетке толы көлік кешенінің жетекші саласы. Жолаушылар мен жүк тасымалының басты қатынас құралы екендігін де жақсы білеміз.
Бүгінгі күні ауданымыздың көптеген елді мекендерінде тұрғындарымыз теміржол саласында еңбек етіп, өңіріміздің дамуы жолында, халық игілігі үшін адал қызмет атқаруда. Сондықтан Біз әрдайым қоғамдық маңызы зор жауапты қызметтегі кәсіби шеберліктеріңіз бен біліктіліктеріңізді жоғары бағалаймыз.
Осынау мерекелі күнде Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Егемен еліміздің игілігін молайту жолындағы ерен еңбектеріңіз толағай табыстарға толы болсын!
Құрметпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров.