ӨЗЕН АРНАСЫ - ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

ӨЗЕН АРНАСЫ - ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаров “Нур - Проект - Строй” ЖШС-мен іскерлік кездесу өткізді. Жиналыста аталмыш компанияның бастамасымен өзен арналарын тазалау жобасы қарастырылды. Нақтырақ айтқанда, Красная поляна ауылдық округінің орталығы және Қарамұрын, Дербісалы ауылдарының маңайынан өтетін Шерубай -Нұра өзенінің арнасын тазалау бойынша мәселелер талқыланды.
Осы негізде, аудан басшысы жоба жүйесімен танысып, оны іске асыруға заңдылықтар аясында қолдау көрсететінін жеткізді.