ЖЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ

ЖЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Қ.Садыковтың төрағалығымен және Қарағанды облысы бойынша жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Ламбеков пен ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ш.Бошпановтың қатысуымен ҚР жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңес өтті. Айтулы шараға бөлім, мекеме басшылары және кенттер мен ауылдық округтер әкімдері қатысты.
Жиын барысында әкім орынбасары кодекстегі негізгі өзгерістерге тоқталып, арнайы келген басқарма басшылары заң талаптары бойынша толықтай мағлұмат беріп өтті. Сондай -ақ, ауыл, кент әкімдері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, заңдылықтар аясында түсіндірмелі жауаптарын алды.