Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы шежірелі Шет ауданында жалғасын табуда

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы шежірелі Шет ауданында жалғасын табуда

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы шежірелі Шет ауданында жалғасын табуда. Осыған орай, Деріпсалы батыр Айдаболұлы (1707-1794) кесенесінде 18 сәуірде аудан жастарымен және еріктілерімен ұйымдастырылған шараға Шет ауданының Бекет елді мекенінде іс - сапармен болған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Бейсенбайұлы Құсайын қатысып қайтты. Деріпсалы - Арғын тайпасының Қаракесек елінің батыры, Абылай ханның заманында Жидебай, Жарылғап, Сеңкібай батырлар сынды біртуар тұлғалармен замандас болған, ХVIII ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығында ержүректігімен танылған, атақты қолбасшы. Акция аясында қатысушылар батыр мазарының маңайын тазалап ғана қоймай, өткен тарихқа шолу жасап, бірқатар маңызды мағлұматтарға ие болды.