ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖАЛҒАСУДА

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖАЛҒАСУДА

Апта басынан бері көктемгі тасқында су кірген бірнеше ауылға түрлі қоғамдық қорлар мен жеке кәсіпкерлер тарапынан гуманитарлық көмек түрлері көрсетілуде.
Ашып айтқанда, Ақсу - Аюлы округіне қарасты Қайрақты ауылына, Красная Поляна округінің Деріпсалы, Қарамұрын және Нұраталды округінің Ақсу, Аққияқ, Шопа елді мекендерінің тұрғындарына азық - түліктер мен киім - кешектер, балаларға арналған жаялықтар жергілікті әкімдік пен ерікті жастар арқылы таратылуда.
Қиын сәттерде көмек қолын ұсынған елімізге танымал тележүргізуші, блогер Динара Сәтжан ханымға, Қарағанды қаласы Шығыс сауда үйінің кәсіпкерлеріне, “Әнет” баба атындағы облыстық мешіт жамағатына, “Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығының Қарағанды облыстық филиалы, Қазақстан халқы Ассамблеясына, “Republica” партиясының Қарағанды облыстық ұжымына “Biz birgemiz” қайырымдылық қорына сондай - ақ,
Шет ауданының жеке кәсіпкерлеріне аса зор алғысымызды білдіреміз. Жасаған жақсылықтарыңыз кәсіптеріңізге береке, шаңырақтарыңызға шуақ болып оралуына тілектеспіз
@biz_birgemiz_official @assembly_karagandy @dinarasatzhan @shygys.karaganda @ihsan___kz @respublica_partiyasy @orleu_krg