ШЕТ АУДАНЫ АҚСУ-АЮЛЫ ЖОЛЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ

ШЕТ АУДАНЫ АҚСУ-АЮЛЫ ЖОЛЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ

Ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Алматы – Екатеринбург бағытындағы республикалық жолдың Ақсу-Аюлы ауылына кіре беріс тұсында дала суының деңгейі көтеріліп жол үстінен жүріп кеткен болатын. Осыған орай, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тәулік бойы кезекшілік құрылып, төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, жол жиегіндегі қар суының деңгейін түсіру мақсатында арнайы техникалардың көмегімен тас жолдың үсті қазылып, қызылған арық арқылы дала суы жіберілуде. Қазіргі уақытта аталмшы жол бағыты уақытша жабық.