Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы аудан тұрғындарымен кездесу өткізді

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы аудан тұрғындарымен кездесу өткізді

Жуырда аудан орталығында Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Төлегенова Шет ауданының тұрғындарымен кездесті. Аталмыш кездесу барысында Бибігүл Райханқызы облыстың денсаулық сақтау саласындағы қазіргі жағдайы, негізгі проблемалары мен оларды шешу жолдары, сондай-ақ таяу уақыттағы жоспарлары туралы қысқаша айтып берді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының мәліметінше, бүгінгі таңда білікті кадрлардың жетіспеушілігі негізгі мәселе болып отыр. Б. Төлегенова ауыл жастарын тегін оқуға гранттар санын арттырған өңірдің медициналық оқу орындарына түсуге шақырды.

Ауыл дәрігерлерінің (педиатрлар, инфекционистер) жетіспеушілігі мәселесін Ақсу-Аюлы ауылының тұрғындарының бірі спикерге қойған сұрағында растады. Кездесуге қатысқан аудандық аурухананың орта медицина қызметкерлері олардың еңбекақысын көтеру тақырыбын қозғады.
Тұрғындар аудандық аурухананың сапалы жөнделгенін және техникалық жабдықталғанын атап өтті. Сонымен қатар медицина қызметкерлеріне еңбектері үшін алғыстарын білдірді.