ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ!

ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ!

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров кезекті аппарат отырысында жаңа кадрлық өзгерістерге тоқталып, ауданымыздағы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына жалпы конкурстық нәтижелері бойынша тағайындалған А.Ахметовті басшылық құрамға таныстырды. Аудан әкімі жаңа басшыны қызметімен құттықтап, алдағы атқарар жұмысына сәттілік тілеп, үлкен сенім білдірді.
Ахметов Асхат Жанатұлы - 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне мемлекеттік білім гранты негізінде «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы бойынша түсіп, 2010 жылы аталмыш жоғарғы оқу орынын тәмәмдаған. Республикалық конкурстардың лауреаты, әнші, композитор, «Бойтұмар»вокалдық тобының негізін қалаушы.
Асхат Жанатұлы алғашқы еңбек жолын 2011-2012 жылдары Астана қаласындағы «көлік және коммуникация» колледжінде музыкалық жетекші қызметінен бастаған.
2014-2015 жылдары Астана қаласындағы орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі, 2015-2018 жылдары аталмыш мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2021-2022 жылдары Шет ауданының білім бөлімінде «әдіскер» қызметтерін атқарды.
2022 жылдан бүгінгі күнге дейін ауданның жастар ресурстық орталығының директоры лауазымын атқарып келді.