ҚР Мәжіліс депутаттары Адамбеков Тілектес Серікбайұлы, Шапак Унзила Шапаковна және «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының Төрағасы Алтынбеков Бекзат Комарұлы жұмыс сапарымен келді.
Шапак Унзила Шапаковна Ақадыр кентіне барып, кентте жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді. Ал, Адамбеков Тілектес Серікбайұлы аудан орталығыда орналасқан «СИНЕ МИДАС СТРОЙ» ЖШС-нің жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті.
Жұмыс сапары соңында ҚР Мәжіліс депутаттары Адамбеков Тілектес Серікбайұлы және Шапак Унзила Шапаковна аудан депутаттары, ақсақалдар алқасы, қоғамдық кеңес мүшелерімен және бірқатар мекеме басшыларымен «Amanat» партиясы филиалы ғимаратында проблемалық сұрақтарды талқылау бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ауданға қарасты маңызды да түйіткілді мәселелер қозғалып, шешу жолдары талқыланып, депуттардың назарына алынды.