ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Жуырда Ақтоғай ауданында кенді аймағымыздағы спорт басқармасының ұйымдастыруымен ересектер арасында ұлттық ат спорты түрлерінен облыстық фестиваль өтті. Өңіріміздің әр қала, аудандандарынан ұлттық спортты ұлықтап жүрген командалар арасынан біздің аудан жігіттерінің мерейі үстем болып, жалпы командалық есепте 54ұпаймен жүлделі І орынды иеленді. Нақтырақ айтқанда көкпар тартудан ауданымыздың құрама командасы І орынды қанжығалап, аударыспақтан 57 келіде Қайыржан Бекболат, 62 келіде Советов Фархат, 74 келіде Аманбай Абай, 80 келіде Ермек Дастан, 87 келіде Тілеубек Темирлан, +100 келі салмақ дәрежесінде Искандиров Марғұлан жалпы 6 спортшымыз І орынға және 68 келіде Есмахаев Дидар, 94 келіде Төлеген Мадияр, 100 келі салмақ дәрежесінде Ақышбеков Манарбек жалпы 3 спортшымыз қолаға қол жеткізіп, жүлдегер атанды. Ал, Есмахаев Дидар шапшаңдық пен ептілікті талап ететін теңге ілуде ІІ орынға мергендер сайысы жамбы атуда ІІІ орынды місе тұтты. Осы орайда, спортшыларымызды жүлделі жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілекшіміз. Ұлттық спортымыздың тұғыры биік болып, мәртебесі арта берсін демекпіз!