Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша

16.06.2023 жылы «Өспен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің, «С.Сейфуллин атындағы кент әкімінің аппараты» ММ-нің және «Шет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметшілері zoom бағдарламасы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндірме өткізілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығы әлсіздігінің салдары болып табылады. Осыған байланысты, халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйе қалыптасуы тиіс. Осы бағытта түсіндірме жұмыстары барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарының талаптары мекеме қызметкерлеріне жан-жақты түсіндірілді.