Құрметті журналистер қауымы! Қадірменді бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері!

Құрметті журналистер қауымы! Қадірменді бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері!

Баршаңызды еліміздегі елеулі де мерейлі мереке - журналистер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды саланың майталман мамандары. Қай уақытта да ұлт мүддесін жоғары қойып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде де журналистер қауымының үлесі аса зор. Біздің ауданымызда да жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүрген Сіздерге ақпарат саласындағы қажырлы да жемісті еңбектеріңіз үшін аса зор алғысымды білдіремін. Дендеріңізге саулық, отбаларыңызға амандық, шығармашылық шалқар шабыт пен толағай табыс тілеймін!
Құрметпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров