Қадірменді мұсылман бауырлар, құрметті жерлестер!

Қадірменді мұсылман бауырлар, құрметті жерлестер!

Сіздерді әлемдегі барша мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт - мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Құрбан айт мерекесі мемлекетімізде үлкен құрметке ие әрі ұлттың ынтымағын арттыруға үлес қосып келеді. Бұл мерекенің басты мәні – сыйластықты арттыру, жақсылық жасау, сыйлық сыйлау, мұқтаждарға көмектесу. Сондықтан бауырмал, қонақжай, дархан мінезді біздер, мұсылман халқы құрбан айтты ерекше атап өтеміз.
Бірлік пен татулық, өзара келісім мен риясыз достық, біздің басты байлығымыз. Сол себепті осы құндылықтарымызды біз көзіміздің қарашығындай сақтап, нығайта беруіміз керек.

Қадірменді ағайын
Әр шаңыраққа шалқыған шаттық, баянды бақыт, қуаныш әкелетін мерейлі мереке Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Алла Тағала баршамызға берекелі бейбіт өмір сыйласын. Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы артып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!

Құрбан айт қабыл болсын!
Құрметпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров