ЖЕРЛЕСІМІЗ ГРАН-ПРИ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ!

ЖЕРЛЕСІМІЗ ГРАН-ПРИ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ!

Ағымдағы жылдың 26-29 қаңтар аралығында Португалия елінің Алмада қаласында дзюдо күресінен Гран-При жарысы өткен болатын. Әлемнің 81 елінен 550-ге жуық татами шеберлері бас қосқан айтулы бәсекеде жерлесіміз, Ақсу-Аюлы ауылының тумасы Жансай Смағұлов 73 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, күміс жүлдеге қол жеткізіп отыр. Жансайды жаңа жеңісімен құттықтап, алдағы өтетін байрақты бәсекелерде бағы жанып, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.